ҚОРЫҚТЫҚ

lat: QORYQTYQ

з а т. э т н. т а м а қ. 1. Отқа қыздырылған тасты сүт құйылған ыдысқа салып пісірген сүт.

Бірнеше кішірек тастарды отқа қыздырып алып, сүт сауылған саптаяққа салса, сүт бұрқылдап қолма-қол пісіп шығады. Осыны қазақ халқы қорықтық дейді (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).

Бұрынғы қойшы қойды ұрлап сауатын, қорықтық қылатын (I.Жансүгіров, Шығ.).

Қорықтықтың үстіне келдім. Құттың дәмінен ауыз тиіп кетейін, жолым болар ма екен, деді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Малдың етін аузы берік ыдысқа кесектеп салып, үстіне қыздырған тас салып, аузын берік жауып пісірген тағам, ас (Д.Қатран, Қазақ. ас-тағам.).