қой соңында жүрген қойшылардың ыдыстағы сүтке алдын-ала қыздырылған малта тастарды салып пісіріп ішетін тағамы. Қорықтық жасау үшін қой- ешкіден сауылған сүтке бірнеше малта тасты жаққан отқа қатты қыздырып сала қояды. Ыстық тас сүтті бір демде пісіреді. Бұлай дайындалған қорықтық малшыға шикі сүттен көрі әрі дәмді, әрі нәрлі ас болады. Бұл атау кей аймақтарда тасқорық деп теп аталады.