ҚОРЫТЫНДЫ

lat: QORYTYNDY

з а т. 1. Белгілі біріс-әрекеттен, тәжірибеден туындайтын шешім, байлам, тұжырым, тоқтам.

Форум жұмысының қорытындысында оған қатысушылар “Үшінші мыңжылдық басындағы (таңындағы) халықаралық ынтымақтастыққа парламенттік көзқарас” Декларациясын қабылдады («Егемен Қазақстан»).

Кезек алып әркімдер басты әнге толқынды. Бір жетідей өткен соң, Шықты барлық қорытынды (О.Шипин, Дастан.).

Аздап кеш қалған екенсіз, қабылдау комиссиясының қорытындысы шығып, бұйрық ілініп қалды (З.Ақышев, Ақбел.).

2. Бірістен шыққан нәтиже, салдар.

Бұл жетістік ондаған жылдар бойы су қоймасында жасалған коллективтік еңбектің қорытындысы болып табылады (М.Тайыров, Балқаш.).

Шаруашылық есепті енгізу шаруашылықтың әрбір саласында еңбек шығындары мен оның қорытындысын салыстыруды керек етеді (С.Қаженбаев, Балық кәсіп.).

Тереңірек қарасаң, бұл әртүрлі ұғым, мінездің қорытындысы. Бір қорытындu әр адамның басында болған тұрмыстың әртүрлі көп шарттарының қорытындысы (Ж.Аймауытов, Шығ.).

3. л о г и к а. Тұжырым процесінде алғышарт есебінде берілген пікірден логикалық ой түю арқылы алынатын жаңа пікір.

Қорытындының ақиқаттығының болуының өзіндік логикалық шарттары бар (Қазақстан энцикл.).