lat: QORYTYNDY
зат. 1 . Белгілі бір іс-әрекеттен туындайтын байлам, тұжырым, тоқтам.
Нақыл, мақал мен мәтел деп ат қойып, айдар тағып, оның жолында соншама тер төгу жемісін бере қояр ма екен деген қорытынды шығады (4,284).
2 . Бір іс-әрекеттен шыққан нәтиже, салдар.
Осыдан шығар қорытынды : ақындар (әсіресе жастар), жыр жазудың оңай тәсіліне бағып, қасиетті поэзиямызға қиянат жасап жүрген жоқпыз ба?! (4,277). «Дәуреннен» бүкіл бір адам ғұмырының жарты ғасырлық қорытындысын ұғындым (4,267).