lat: QORYTYNDYLAÝ
Қорытындыла етістігінің қимыл атауы.
1. Қорытынды жасау, нәтижесін шығару.
Байғабылдар тамақтанып болған соң, кешегі жұмысты қорытындылау үшін өзара кеңесіп, ақылдасып алуды жөн көрді (С.Хайдаров, Теңіз.).
2. Тұжырым жасау, түйіндеу.
– Енді айыптау, талдау, қорытындылау басталады, – деді Меңдіқыз (X.Есенжанов, Көп жыл.).
3. Аяқтау, өндіріске қосу.
Жаңа бесжылдықта Қазақстанда Бұқтырма, Шульба ГЭС-і мен Iле өзенінде Қапшағай су-электр станциясын салуға байланысты біздің ғалымдарымыз Қазақстан жағдайында су-электр станцияларын салу тәжірибесін қорытындылау керек (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).