lat: QORYTYNDYLA
ет. Қорытынды шығару, белгілі бір тоқтамға келу.
Және де бұлар көздің майын шығындап, біраз зерттеуге тұрарлықтай да дүниелер. Олар туралы пікірді оқушылар, әдебиетшілер мен сыншыларға аманаттап, біз 1971-жыл поэзиясы жөніндегі пікірімізді қорытындылаймыз (4,316). Тұманбайдың әлсіз жайын өзіне қалдыра тұрып, енді «Қош көктемді» қорытындылайтын мезгіл де жеткен сияқты (4,293).