ҚОРЫТЫНДЫЛАН

lat: QORYTYNDYLAN

е т. 1. Қорытынды жасалу, қорытынды шығарылу.

Келген комиссияның тексеруі ертең қорытындыланатын көрінеді ғой, ақ-қарасына көз жеткізіп берер (Ғ.Қабышев, Мінездеме).

2. Белгілі біріс-әрекеттен, тәжірибеден туындайтын шешімнің, байламның нақтылы бір тоқтамға келуі, нәтижесінің жинақталуы.

Археологтардың қиын да қымбат ізденістерінің алғашқы нәтижесі «Древний Отрар» деген кітапта қорытындыланып, Қазақстанның көне мәдениеті жайында бағалы байқаулар, құнды салыстырулар жасады («Қаз. әдеб.»).

Биыл Тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясын нақтылы іс-қимылға айналдырудың алғашқы он жылдығы қорытындыланып отыр («Жұлдыз»).