ҚОС

lat: QOS

з а т. 1. Белгілі бір жұмыста істуге, жолға, жорыққа шыққан адамдардың тобы.

Жөңкерілген қалың қос Жүйткіген желге ұқсайды; Көрінісі кей кезде Толқыған көлге ұқсайды (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

2. Шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай шағын уақытша баспана.

Қос екі керегенің басын қосу немесе бірнеше сырғауыл, бақан, сырық басын біріктіріп байлау арқылы жасалады (ҚҰЭ).

Жолшыбай тау-тасқа нашарлары өліп-қырылып, ылғи ірілері іріктеліп қалған, мал-жандары, қора-қопсысы, барлық мүлкі ақтардың қолында қалып, жазғытұрым желігетін қасқырдай зығырлары қайнап мұжықтар қостарының ішінде жатып даланы ойлайтын, Ертісті сағынатын (Ж.Аймауытов, Шығ.).