ҚОС СӨЗДЕР

lat: QOS SÓZDER

Тілдегі сөзден сөз тудырудағы грамматикалық тәсілге сай қосарланып жасалған сөздер. Қазақ тіліндегі қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді. Олар: мәндес (ел-жұрт, ыдыс-аяқ), қайшы-мәндес (әрлі-берлі, оңды-солды, куш-тут), қайталама (қора-қора, тең-тең, сай-сай), қосымшалы-қайталама (қолма-қол, бетпе-бет), үстеме буынды (қып-қызыл, күп-күрең, сапсары), еліктеуіш (ат-мат, түйе-мүйе, жалт-жұлт).