ҚОСА

lat: QOSA

ү с т. Қатар, бірлесе, қабаттаса, қабат, үстіне.

Жеріміздің түгі етіміздің түгіндей, бұны орсаң өзімді қоса орасың, қоса жайрат мінекей! деп Әбді шапанын жұлып тастап, балғын денесі мығымдай, ең шеткі озғын орақшының алдына нық басып тұрып алды (М.Әуезов, Абай жолы).

Сондықтан бір мақсатым өлең жазу, Оқуменен біргеіздеп, қоса қазу. Осы ойыма өткен түн серт берілді, Менде болмас бұл ойдан өмірде азу (С.Торайғыров, Алаш ұраны).

Үнемі естіп жүрер ме екем үніңді! Жанар жұмып жұтынғанда, жұтқанда, қоса жұтып қояр ма екем тілімді?! Бақ жанданар сен күлімдеп шыққанда, Сенің сөзің даналық қой ұққанға (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).