ҚОСАР

lat: QOSAR

з а т. 1. Атты адамның жаны, қатары.

Мен қайдан білейін. «Алып кел» деді, келдім. Қосарымда ат бар. Киін, мүмкін, ет жесін деген шығар (Т.Дәуренбеков, Біз.).

Көкжалдың сулығынан ұстап, қосарына алған жігіт те жетті (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер).

2. Атты адамның жетекке алған аты.

Алыстан ызғытып келе жатқан жанында қосары бар салт атты көрінді (І.Есенберлин, Көшпенділер).