lat: QOSARLANÝ
Қосарлан етістігінің қимыл атауы.
1. Қабаттасу, жағаласу.
Қазақы мінезді Абылай әйелдің сөзге қосарлануын ұнатпағандай Жаңылға түйіле қарап қойды (С.Мұқанов, Есею жыл.).
2. л и н г в. Қосақталу, қос сөз құрау.
Негізгі түбір сөздер қосарлану, бірігу, қысқару жолдарымен жаңа тұлғаға ие болады, мағынасы күрделенеді («Қазақст. мект.»).
3. и н ф. Әртүрлі құрылғылар мен процессорларда әртүрлі процестердің бір уақытта орындалуы (Қаз. тілі термин. Информатика.).