lat: QOSARLANÝSHYLYQ
з а т. 1. Бірдей нәрселерді, ұқсас заттарды жарыса жасау, бірін-бірі қайталау.
Республика халық шаруашылығының жекелеген салаларында жұмсалған қаржының сомға шаққандағы экономикалық тиімділігі 20-40 тиыннан аспайды. Бұл көбінесе ғылыми мекемелердің жұмысындағы қосарланушылық пен бірін-бірі қайталаудың, олардың арасында тиісінше байланыстар болмауының, олардың халық шаруашылығындағы техникалық прогресс үшін жауапкершілігінің төмендеуінің салдарына тікелей байланысты болып отыр («Соц. Қаз.»).
2. ә с к. Бір мақсатқа жетуге бағытталған біркелкі қимылдарды екі немесе одан да көп мәрте орындау; екі данада орындау, қайталау, екі еселеу.
Әскери істе, әдетте, қосарланушылық әскерді (күштерді) басқару, сенімділікті арттыру үшін байланыс және өкімдерді тапсыру, су кедергілері арқылы өткен кезде қойылған тапсырманың орындалу мүмкіндігін арттырады (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Қосарланушылық әскери техника өміршеңдігін арттырудың негізгі құралы болып табылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).