ҚОСАРЛАН

lat: QOSARLAN

е т. Қоса қабаттасу, қосамжарлану.

Шоқан атынан түсе қалды да, ат шылбырын қосарлана түскен Жайнаққа ұстатты (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Екеу де боп ағасың қосарланып, Қырық та боп қоштасып тарасасың, Қай жаққа құласаң да жарасасың, Ей, менің қара шашым! (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Екеуі қосарлана келіп Сәтбекке көңілдерін білдіргенде, ол азырақ тұнжырап отырып, қолын жай ғана созды (Р.Райымқұлов, Қыз айна).

Әбен атам қауғаға қолын қайта созғанда Балабек қосарлана ұмтылып, қауғаны одан бұрын ілді (Н.Сералиев, Қаңтар).