ҚОСАРЛАП

lat: QOSARLAP

ү с т. Қатарынан, қосамжарластыра.

Ол емес жалғыз өзгерген, Өзгерткен жылдар әр үйді. Құрбымның көбі көз көрген Қосарлап сүйген сәбиді (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Алыстан көгілдір тартып көрінген жасыл шалғында, көк теңіз үстінде ұшқан ақ шағаладай, сүттей аппақ киіз үйлерді үштен-төрттен қосарлап тіккен хан ордасы (I.Есенберлин, Көшпенділер).