ҚОСЫЛҒЫШ

lat: QOSYLǴYSH

з а т. м а т. Қосылатын сандар.

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді (Арифметика).

Мысалы, қосынды қосылғыштардың орналасу ретіне немесе заттарды санау нәтижесі осы санау қай ретте жүргізілгеніне тәуелді емес екенін тәжірибеден байқайды (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).

Дифференциялданатын бірнеше қосылғыш функциялардың алгебралық қосындысының туындысы барлық қосылғыш функциялардың туындылардың қосындысына тең болады (О.Жәутіков, Математика.).