ҚОТЫР

lat: QOTYR

з а т. 1. Адам мен хайуандардың терісіне шығатын жұқпалы қышыма ауру.

Итсигектің сулы тұнбасын денедегі қышыманы, қотырды емдеуге, шыбын-шіркей, құрттарды жоюға, малдың тері ауруларын емдеуге қолданады (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).

Ақымақ болсаң, ағаңның, Ашынбауы мүмкін бе?! Қотыры бар адамның, Қасынбауы мүмкін бе?! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

// а у ы с. Тегіс емес, бұжыр.

Өзеннің оң жақ қабағындағы қотыр, жартасты биік таулар Алтайдың ұшығы (А.Машанов, Жер асты.).

// Денесіне, терісіне қотыр шыққан, қотыр басқан.

Орыны бала оқытқан таза емес: Дәріс тыңдар қотыр бұзау, ешкі, лақ та. Келер ме өздігінен бізді іздеп, Қол созып ұмтылмаймыз мағрифатқа һүнәрлі халықтардан өрнек алып, Кел енді, бұл ғадетті тасталық та! (М.Дулатов, Шығ.).

Кәрілік күлге аунаған қотыр бура, Кешегі жақсы қайда сөзге тура, Кәріні сыйлаймын деп ниет қылсаң, Көрпені қалың сал да, майды тураал ақын, Өлеңд.).

// Лас, біркелкі емес, былғаныш.

Әлдеқашан сіздің тұқым солған ба екен немесе хақтан көзін жұмған ба екен, Артықша таза жерді артқа тастап, Шыбындай қотыр жерге қонған ба екен (Ақмолла ақын, Күндер.).

// Ауру, арық-тұрық, ақсақ-тоқсақ, барлық мүшесі сау емес (мал).

Қайырына берері арық, қотыр. Байғұс молда сол қотырды күтіп отыр. Иншалла, осы мал болмас па деп, Шығынына шығарар көзі соқыр (Ақмолла ақын, Күндер.).

Ұмтылып молдалары отыр алдан, «Кесікбас», «Ақыр заман» оқығаннан, Жаманын малдың берер сайлап, ұстап, Тізгіндеп қотыр арттан, соқыр алдан (Ақмолла ақын, Күндер.).