ҚОТЫР

lat: QOTYR

зат. Адамның, малдың терісінде пайда болатын жұқпалы, қышыма ауру.

Ал, жақпадым, жақпадым, ұрамысың,

Енді түтін түтетсем, құран ұрсын!

Жетеді енді жегенім таяғыңды,

Колхоздың қотыр болған лағы үшін (1,184).

Бастықтарды қотыр қойға жоқ қыры,

Кішкене деп менсінбейді тоқтыны.

Сыртымыздан қамқоршы деп естуші ек

Қайда әлгі қой фермесі, доқтыры (1,86).