lat: QOTYRLA
е т. 1. Кедір-бұдыр, қарабажақ із түсіру.
Күніне үзбей үш сағат оқитын болдым, бұрын қағаз бетіне қотырлап қол қоюдан басқаны білмейтін едім (I.Жансүгіров, Әңгім.).
2. Қасыну, қотырын үйкеп-сүйкеп қотыр ету, қасу.
Арқамды көп сүйеніп, қотырлағам, Халықта Ақмолла тек отырмаған, семірсе, бірін-бірі иттей талап, Байлыққа адам бар ма құтырмаған? (Ақмолла ақын, Күндер.).