с ы н. Ешқандай қозғауға түсірілмеген, қимыл-қозғалыссыз, әрекетсіз. – Әлгі жолдас адамыңның сусын да ішпей кеткенін қарашы. Қыстай қ о з ғ а у с ы з жатқан қыл-қыбырды реттеймін деп... Әкеңе де хабар бермедік-ау! (К.Оразалин, Кеңбайтақ). 2. Тығулы, бүркеулі. Игілікті сапардан аттың басын тартпаймыз, Қ о з ғ а у с ы з жатқан қайратты ішке несін сақтаймыз (Термелер). Келемін көніп те, шыдап та, Аламын бір мезгіл жылап та. Кейде мен ұқсаймын пышаққа Қ о з ғ а у с ы з жататын қынапта (Ә.Тәжібаев, Жартас). 3. а у ы с. Беті жабулы, қаралмай қалған, елеусіз. Осы кезеңде газетте ұлттық өмірдің бұған дейінгі ондаған жылдарда қ о з ғ а у с ы з қалған мұқтаждары көтерілді (“Қаз. әдеб.”).