ҚОЗҒАЛУ

lat: QOZǴALÝ

Қозғал етістігінің қимыл атауы. 1. Қимылдау, қозғалыс жасау. Тұла бойы балқыған қорғасындай ұйып, ауырлап барады. Қ о з ғ а л у ғ а дәрмені жоқ (С.Сматаев, Елім-ай). Ұлмекеннің де, Торшалықтың да есі шығып кеткен, қ о з ғ а л у ғ а, ауыз ашуға шамалары келмей қатқан да қалған (Ә.Таразин, Бұлтқа сал.). Бірақ бастапқы кездегі баланың қозғалуы оймен, тілеумен қ о з ғ а л у емес. “Рефлекс” бойынша соқыр қозғалу (М.Жұмабаев, Педагогика). 2. Қоныс, мекен, тұрақты ауыстыру, екінші бір жерге көшіру. Ашхабад жер сілкінуіне Копетдагтың етегінде орналасіан тектоникалыі күйреулер бірінің бойыменаусырмамен) тау жыныстарының зор блоктарының қ о з ғ а л у ы себепші болды (К.Сапарбайұлы, Геология.). Жолдас генерал, бізге бекінген орыннан қ о з ғ а л у өте қауіпті... (Б.Момышұлы, Офицер.). Ертістің сол жағына 15 мың үй керейліктердің келіп, “Уәлиханнан жәбір көрдік. Хан қысымына шыдамаған соң, қақаған қыста қ о з ғ а л у ы м ы з ғ а тура келді (Қ.Исабаев, Серт). 3. Жер сілкіну. Олардың айтуынша, Күннің активтік жағдайы Жер қабатындағы атмосфералық қысымға да, оның қ о з ғ а л у ы н а да әсер етеді (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).