ҚОЗҒАЛУШЫ

lat: QOZǴALÝSHY

с ы н. Қозғалатын, орын ауыстыратын. Кеңістікте берілген нүктеденонустың төбесі) өтетін және берілген сызықтыағыттаушыны) ұдайы қиып отыратын түзудің қозғалуынан жасалған бетті конустық бет дейді. Қ о з ғ а л у ш ы түзу конустың жасаушысы деп аталады (М.Әмірбаев, Аналит. геом.). Қозғалысты сипаттайтын дифференциалдық теңдеулерді құрғанда, қ о з ғ а л у ш ы затқа әсер ететін күштердің ішінен есептелмей, қалтарыста қалып қоятын азғантай күштер болады да, олардың әсерінен заттың бастапқы күйінен азырақ ауытқуы пайда болады (“Қазақст. мект.”). Жер бетінде қ о з ғ а л у ш ы денелердің жылдамдықтары, жарықтың таралу жылдамдығымен салыстырғанда тым аз, сол себептен де олардың қысқаруы көзге көрінбейді (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).