е т. 1. Орнын ауыстыру, жылжыту. Белуардан қар кешіп, Түкірік түспес аязда, Жылы орнынан қ о з ғ а л т ы п, …Дұспанды қуған біз едік (Б.Момышұлы, Москва.). Кішігірім тастар болса орнынан қ о з ғ а л т ы п астындағы өрмекшіні бір өзі жей береді (Р.Әлімбаев,.. Құстар.). 2. Қозғалысқа түсіру, қимылдату. Лып ете қалған жердің лебі шалдың шапанының етегін сазанның құйрығындай ауыр қ о з ғ а л т т ы (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.). 3. Болымсыздық формада келіп, қимылдауға, қозғалуға мүмкіндігі болмады, шамасы келмеді деген мағынаны білдіреді. Бірақ та жазылмаған ауыр жара, Денесін қ о з ғ а л т п а й д ы. Қиын тіпті (Қ.Аманжолов, Ақын өлімі.). Бүгін түннен белім қ о з ғ а л т п а й қалғаны. Сегіз көзімнен ұстады (Д.Досжанов, Дария). 4. Болымсыздық формада келіп, тырп еткізбеді, ұстап алды, қолға түсірді деген мағынаны білдіреді. У да-шу, жыра іші толып кетті. Қамалап бандиттерді әскер епті. Қ о з ғ а л т п а й орнынан басып алды (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат). 5. Болымсыз формада келіп, орнынан тұрғызбады, тұруға, қозғалуға мұршасын келтірмеді деген мағынаны білдіреді. Алдында үңіле қарап тұрған қара сұр кісі кеудесінен басып қ о з ғ а л т п а д ы (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты).