lat: QUBYJYQ
з а т. 1. м и ф. Табиғатта бар жан-жануарлардың ешқайсысына ұқсамайтын қорқынышты бейнелі (бірнеше басты, жалғыз көзді т. б.) мақұлық.
Алыстан қарағанда тым шабан қимылды осы бір жан иесі не малға, не аңға, не адамға ұқсамайтын құбыжық тәрізді еді (Қ.Салғарин, Сол бір күн.).
Адам суретін саламын деп құлағын есектікі, көзін адамдікі, тұмсығын құстікі секілді қылып салса ол дұрыс сурет емес, балалар қорқатын құбыжық болып шығады (М.Дулатов, Шығ.).
Бұрыш-бұрыштарда өзін бас салғалы әлдебір құбыжықтар тұрғандай (C.Шүкіров, .згілік.).
2. а у ы с. Қорқынышты зат, шошынарлық нәрсе.
Түйе көрмеген орыстың баласы түйенің дауысын алғаш естігенде, жылап жібереді, ал поездың дауысын естісе дәнеңе етпейді. Қазақтың баласы қалаға келсе, көрінгеннің бәрін құбыжық көрмей ме? (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ақбақай қара түнді сілкіндіріп, құйрығына байланған құбыжықтан үркіп, бетінің ауған жағына тасырлата шаба жөнелген (I.Есенберлин, Алмас.).
Қордай алда, екі жігіт артта сорайған аппақ құбыжыққа келсе, алдындағы таудай болып жатқан қап-қара пәле қозғалады (К.Әзірбаев, Аңыз.).