lat: QUBYR
[ир. قوور ] з а т. Су, мұнай, газ т. б. сұйық заттарды тасымалдауға (ағызуға) арналған металдан, керамикадан, асбест-цементтен т.б. жасалған көлденең қимасы, көбінесе, сақина тәріздес іші қуыс зат.
– Осы биіктен құбыр арқылы әрбір үйге су бармақ (Ғ.Қайырбеков, Қарқаралы.).
Қазіргі кезде колхозға жаңадан клуб салу, поселкеге құбырлармен су тарту және әр үйге газ плиталарын орнату ісі жүргізіліп жатыр (М.Тайыров, Балқаш.).
Қазіргі мұнай өтетін құбырлардың ішкі қабырғасына парафиннің таты тұрып қалып, мұнайшыларды әлек етеді де жатады (Н.Нұрахметов, Дархан химия.).