lat: QUDAI /85/
ир. зат. 1 . діни. Бүкіл ғаламды, дүниені жаратушы; алла тағала, тәңір.
Атақтан да қашпайық, даңқтан да, Бірақ құдай бізді оған жарытқан ба?! Кімдер көмек болады ғаріптерге Даңқтылар әкесін танытқанда (2,151).
Ауады да тұрады аңсарым-ай!
Әлі сен, есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні мені неге өлтірмедің?
Сол түні риза едім, алса құдай.
//Сөздің реті келгенде айтылатын қыстырма сөз . (3,189).
Қай тұста еді, құдай - ау , қай маңда еді?!
Маған құшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,
Қай маңда еді жастықтың сайран белі?! (2,72).
Кеше еді ғой, құдай - ай .
Кеше еді ғой, Дүйсенбінің, мына дәу, шешегі ғой! Мынау әзер қаз басқан төрт жасында,
Мұхамеджан қартыңның мешелі ғой (2,96).
2 . ауыс. Ең мықты адам, бастық.
Айтшы қане, бар ма оның тыншығаны!
Бірге кіріп, сенімен бір шығады.
Байқа, тентек!
Сен емес Ана алдында,
Мына тұрған « құдайың » қымсынады (1,138).
Өксікті, арманды, кек толы үн – Өмірді құрсауда кетті оның! Ильичті толғантқан осы бір Музыка құдайы – Бетховен (1,114).