lat: QUIRYQTY
с ы н. 1. Құйрығы бар, құйрығы өскен.
Осы кезде қосмекенділердің 2600–2800 түрі бар деп есептеледі. Олар сыртқы пішініне қарай құйрықты, құйрықсыз және аяқсыз деп үш топқа бөлінеді (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).
2. Құйрығы үлкен, семіз (қой).
Сен әрқашан да ең семіз, құйрықты қозыны ұстайсың (Қ.Шөкенов, Біздің Iлияс.).
«Қошқартас» үлгілерін мұқият зерделеп қараған кезде олардың шынайы прототип. – Құйрықты қоймен байланысын аңғаруға болады (Р.А.Бекназаров, Қаз. дәст. тас қашау).