ҚҰЙЫЛУ

lat: QUIYLÝ

Құйыл етістігінің қимыл атауы.

1. Ағылу, төгілу.

Қанның артерияларға құйылуы тоқтаған кезде қан қысымы тіпті төмендеп кетеді (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).

2. Үйілу, қосылу, топталу.

Әйтеуір Ұлттық қордың дер кезінде құрылып, жоспардан артылған қаржы сонда барып құйылуының арқасында инфляцияның жаңа толқындарынан әзірге аман қалғандай болдық (“Егемен Қазақстан”).