lat: QUL /30/
зат. 1. Өз басында ерік жоқ, иесіне тәуелді адам, жарлы-жақыбай.
Кеше ғана екеуміз гүл қарап ек,
Ағажан, анау қырға бір қарап өт!
Болайық біріміз – құл, біріміз – күң,
Ағажан, екеумізді бірге ала кет! (1,191).
«Кешегі құлым, кедейім,
Құдайдан, діннен безуін.
Суырып таста көмейін,
Тіліңдер екі езуін!» (2,304).
2. ауыс. Бір нәрсеге бағынышты, соған тәуелді пенде. Мен – Үйсінмін,
Ұлы десең, ұлымын,
Кісіліктің, кішіліктің құлымын.
Бөлінбеген еншім даяр, екі інім,
Желпілдетіп жетіп келсе тұлымын (2,127).
Әйтеуір, бір келер деп дүр етер күн,
Алданып алаң болған, тиынға – құл,
Өзіңдей ақымақтың бірі екенмін (2,159).