ҚҰЛАУ

lat: QULAÝ

Құла етістігінің қимыл атауы.

1. Жығылу, мұрттай ұшу.

Қазақтың ұғымында ат пен түйеден құлаудан өгізден құлау жаман (С.Мұқанов, Алып. адым.).

Төзімді бол, тастан үйрен шыдауды, Таудан үйрен, тік тұруды, құлауды. Жол табуды үйрен аққан бұлақтан Шыңнан үйрен қайтадан кеп сұрауды (А.Тоқмағамбетов, Шағала.).

2. а у ы с. Орнынан түсу, күйреу.

Түркістан мен Қазақстандағы, Кавказдағы ұлттардың бөлініп кету мүкіндігі молайып, империяның құлау қаупін тудыратынына көзі жеткенде, Кеңес өкіметі асығыс түрде 1917 жылы 20 қараша “Россияның және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» Үндеу жариялады (“Жұлдыз»).