ҚҰЛА

lat: QULA

с ы н. Сары мен жиреннің арасындағы жылқының түсі.

Анау қара ат, торы ат, құла бие, жирен бие, әне бір құла биелерге Шекер де, Күнікей де мінер еді! (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Бас бәйгені алған құла аттың аты-жөнін, кімнің аты екенін жамырай сұраған ел (С.Бегалин, Замана.).

Құнан, дөнен мінгенім асау тарпаң, Осы күнде құла ала деген жайпаң. Бұл иттен де жаяуым тыныш екен деп, Қаздай басып келеді байпаң-байпаң (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).