lat: QULAMA
сын. 1. Басы құлауға шақ тұрған (тау, жер).
Жолға шықтық құлама құз, жарықшақ тас бөктермен, Опырылған жартастардың сынығымен кептелген, Әлдеқайда қиынырақ бұған дейінгі өткелден (5,113). Жер асты – көгілдір тау,
құлама жар,
Жер үсті – көк тіреген мұнаралар.
Көлбеп жатқан көк тасқа сына қағар,
Кеншілер – кереметтей ғұламалар (3,129). //
Зат есім мағынасында да қолданылады.
Биіктігі әрқалай қос бүйірдің арасында,
Ең соңғы тас сұғынып, сүйеу тапқан асуда: Іліктік-ау әзерде құламаның басына (5,113).
2. Таудан төмен қарай құлай аққан (өзен). Боларлықтай баспана сопыларға мыңдаған,
Сан Бенедетто Горноның түбіне кеп жындана, Құлама өзен болатын гүрілдеуден тынбаған (5,77).