lat: QULAQTY
с ы н. 1. Құлағы үлкен.
Бұл жиырма үштер шамасындағы, толық бетті, үлкен құлақты Сәлім деген жігіт (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.).
2. Шығып тұрған ұшы, ұстайтын құлағы бар.
Қанипа жайған торғын дастарқанға Сыздық әкеліп күміс құлақты сары тегенені қойды (С.Бегалин, Шоқан.).
Қақ ортадағы төрт құлақты тас қорғанның сыңар құлағы қапты, елден ерек едірейеді (Ж.Нәжімеденов, Аспан шақырады.).
3. а у ы с. Ұғымтал, зерек, естігіш.
Өзіңде өшің болса, саңырауға ұрын, Ұрынбасаң, білмейсің оның сырын. Сыбырлап жасырып айтқан құпия сөзді, Естиді құлақтыдан әбден бұрын (Мәшһүр- Жүсіп, Шығ.).