lat: QULPY
з а т. 1. Өңі құлпырып тұратын жібек мата.
Көгалмен безелген мал өрісі. Алысты қызыл жайнақ, құлпы, масаты кілеммен нарды жапқандай қызғалдақ кестелеген (I.Жансүгіров, Әңгім.).
Желіде құлын жусаса, Кермеде тұлпар бусанса Сәні келер ұйқының, Жылқы қолдан тайған соң, Қызығы кетер күлкінің, Қыздың көркі құлпыда, Жігіттің көркі жылқыда (Батырлар жыры).
// Құлпыдан тігілген киім.
Шығады қыз-бозбала серуенге, үстіне масаты мен киіп құлпы (Ақтамберді жырау).
Басыр-басыр басырды, Аққа құлпы жасылды, Ақылдасып сексені Төлегенді жасырды (Батырлар жыры).
2. Сырттан киетін жібектен істелген шапан.
Үстіне киіп құлпыдан, Керейұлы Келмембет Сөйлес қылып кідірді, Ауылың келіп сыртынан (Батырлар жыры).
3. а у ы с. Құлып, құпия, сыр.
Көңілдің құлпыларын ашайық та, Қиялмен қиялардан асайық та. Қасиетті Наурыз тойын елдігіңнің Ерке бір қуанышы десе, айып па? (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Пасыл да пасыл, пасылман, Аққа құлпы жасылман, Жақсыға сырым жасырман, Жаманға, сірә, бас ұрман (Шал ақын, Өлеңд.).