lat: QUM
з а т. 1. Түрлі минералдар мен тау жыныстарынан тұратын өте майда түйіршікті борпылдақ, шөгінді жыныс.
Құрамындағы тау жыныстарының, минералдардың түсіне сәйкес құм ақ, сары, жасыл, қоңыр, қызыл т. б. түсті болады (ҚСЭ).
2. Құмайт, шөл жер. Қырқалап Шаймердендер жалғыз шапты Бір құмның көз жіберіп өзегіне, Күреңге қатты қинап қамшы басты, Бір жерді түсіп атар көздеді де (“Қаз. әдеб.”).
Тастады ма өлтіріп толқын соғып, Иә болмаса, жел айдап құмға тығып. Балық жұтып қойды ма бір-ақ қылғып, Қайдан адам болады, қалай шығып?! (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).
Саһаттықпен сәлем хат Жолдағушы дүр Омар – Қызылдың қия құмында (О.Шораяқов, Шайыр.).
3. Түйіршікті, борпылдақ, шөгінді жыныс басқан жер, топырақ.
Қалың құм Ақ сауаттың кенері. Өткенді еске алып, Күнде барғым келеді (Б.Майлин, Шығ.).
Мына сатқын перзентіме қосақтап Өлтіруге міндеттісің мені де! Азғындықтың соңы бізбен құрысын Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін. Құм мәңгілік бүркей алмас асылды, Даңқың көктеп өтеді әлі ғасырды (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Мешел мәстек секілді тырбаңдайды: Тартылмайтын соқаны тыңға салып Көше қоян секілді тыраңдайды Аяғын ала алмаған құмға салып (С.Сейфуллин, Шығ.).
Жүрегім аптығады, жиі ұрады, Көргендей алыстан бір шұғыланы, Сәл ғана лүп етсе жел, ақ құм шекер Мойныма келіп менің құйылады (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Білмедің бірақ сен де оны, Ол жәйді ешкім білмеген, Со бойда тентек жел қолы Жасыра салған құмменен (C.Жиенбаев, Алтын қалам.).