ҚҰН

lat: QUN

р. خون ] з а т. 1. т а р. Кісі өлтірген үшін айыпкер немесе оның руы тарапынан мал басымен төленетін төлем, алым.

Біреуді біреу өлтірсе де, оның «кегін», оның «құнын» алатын тұқымы, руы болған (С.Сейфуллин, Шығ.).

Қаншама асылдарымыз бен арыстарымыз қапаста көз жұмып, құны сұраусыз кетті («Егемен Қазақстан»).

Құн үшін мал төленді. Сұлтанды өлтіргені үшін төленген құн жай шаруаны өлтіргенде төленетін құннан жеті есе көп болдыазССР тарихы).

2. Белгілі бір затқа тән баға, нарық; пұл, ақы.

Неге олай дейсің. Сен оған жерінің құнын түгел төлейсің (Қ.Исабаев, Соңғы.).

Жүгінген Қантекең мен Досқанаға, Сұраған адам құнын бос қала ма? Басы атан, ең аяғы сүт тайлақ деп, Бұл құнды олар кескен жүз қараға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бейшара, құны қалғандай, неге сонша қудалады екен? Ақбілек бірдеңесін алды ма? Тегі құны қалған ғой. Құны емей немене? Екі баласынан айырып, Ақбілектің әкесі сатып алды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

3. а у ы с. Белгілі бір іске, әрекетке, адам басына тән баға, қадір, қасиет.

Тіріде Тілембекті жан білмейді, Ондайды елеп ешкім көзге ілмейді. Құны асты өлгеннен соң мың сан жаннан, Өлшесең, оған ешкім пар келмейді (Мәшһүр-Жүсіп, Шығ.).

Жаның сүйер елің болмаса, онда сенің өміріңнің не құны бар? (I.Есенберлин, Қатерлі.).

Атамыз қазақ сөз қадірлеп өтті емес пе. Сөздің қадірін, құнын қазақтан артық кім түсінер (Д.Досжанов, Жібек.).