ҚҰН

lat: QUN

зат. 1. Адамға, затқа тән баға, қадір-қасиет. Шежіремді ұрлапты. Зулапты күн. Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын. Алтын адам шынымен қазақ болса, Білген екен құнының қымбаттығын! (3,57). Арманым да, үмітім де, Сенде екенін ұғындым. Жәбір көрген сәбидейін бауырыңа тығылдым. Ұғындым мен басқаларға жоқ екенін құнымның, Ая, ардақтым, ая мені! Алдыңа кеп жығылдым (2,217). 2. Айыбы үшін күнәлі адам төлейтін төлем, ақы, пұл. Оны да біл: құның жоқ, суға кетсең, Күнәлі өзің, жаныңды құрбан етсең! Қайда жүрсең аманат бір Құдайға, Аман-есен осынау сыннан өтсең (2,115). Тірі жүрсем, қалайда барып көрем, Ойнап көрсін мендегі шабытпенен, Ізсіз-тозсыз жоғалған кемелердің, Кегін, құнын  теңізден алып берем (2,141).