ҚҰНАР

lat: QUNAR

з а т. 1. Жердің нәрі, өсімдік үшін қоректік қуат.

Құнары аз жер- лерді түбегейлі жақсарту есебінен мал азығының қорын нығайту бағытында жұмыс жүргізілуде (А.Байболатов, Жарыс.).

Өсімдікке нұр беретін күн сәулесі мол болғанмен, нәр беретін топырақ құнары шамалы, ылғал тапшы (Н.Баяндин, Құм асты.).

Егіншілердің агротехникалық оқуында егістік жерді тиімді пайдалану, оның құнарын арттыру істері жан-жақты үйретіледі (Қ.Сыдықов, Жоғары рентабель.).

2. Тамақтық, астық, қоректік қуаты, нәрі.

Түнге қарай қазға дән немесе құнары мол дәнді дақылдардың қалдығы беріледі (Құс өсіруші).

Сағынып келдім бәйбіше, Құнары мол қыр асын... Сіміре қанып ішейін, Шұбатың қайда, шұбатың? (Ә.Сәрсенбаев, Баспалдақ.).

Емізіп ізгі құнар ақ сүтіңді, О баста ойлағандай мақсұтыңды, Құйдың мол құлағыма қазақ жырын, Жырлар деп жан тебіренте жақсы күнді (М.Әлімбаев, Бал дәурен.).

3. а у ы с. Сөздің мән-мағынасы, мүмкіншілігі.

Өнер сайысы ғұмыры қысқа кей шаралардың сәтсіз кебін киіп, бұрынғыларды қайталау болып қалмас па, құнары аз жылтырақ кештің бірі болып жүрмей ме екен деген күдіктен құлантаза айықтырған бәйге болғанын нық сеніммен айтуымызға болады («Егемен Қазақстан»).

Асаудай аптық басып арындайсың, Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың. Терідей шыбын жаққан жылп-жылп етіп, Шіркін-ай, қойған жерден табылмайсың (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Тілдің құнарын, күйдің көркін, әннің әдемілігін арттырған (Т. Әлімқұлов, Күрең өзен.).

4. а у ы с. Күш-қуат, әл-ауқат (адамға қатысты).

Бұл бала дүниеге келмекші еді, Уағдасы әулиенің хабары жоқ. Уәзір өззіне ақыл салды: «Алла салған ісінің жаманы жоқ, Кешегі Ел көргенше қайран достым, Шіркін-ай, осы күнде заманың жоқ. Ханымың құнары жоқ құлдан өлді, Осындай-ақ болады тауаны жоқ» (Ә.Найманбаев, Шығ.).