lat: QUNART
е т. 1. Құнарлылығын арттыру, нәрлілікті көбейту.
Сусыз шөлді құнартып, Бұлақ еткен заманым. Қамыс пенен қурайды Қолдан қайта туғызып, Кұрақ еткен заманым (Жамбыл, Шығ.).
Қопарып қырларды, Дөңдерді төңкердік, Құнартып құмдарды, Жер бетін көмкердік (Ғ.Орманов, Таңд.).
2. а у ы с. Құлпыру, жайнау, жандану.
Құнартты бүгін қу дала, Құлазып жатқан заманғы Сан жылдар бойы сазарып, Пайдаға ешбір аспаған, Кесіртке, қоян мекендеп, Аңнан басқа баспаған (Ү.Кәрібаев, Таңд. шығ.).
Қуатым толып, күш өсіп, Бекіді менің сүйегім. Бәрін бірдей құнарттың, Алпыс екі жүйенің (Жамбыл, Шығ.).