lat: QUNSYZDANÝ
Құнсыздан етістігінің қимыл атауы.
1. Құнының кетуі, қадірінің түсуі. Әдебиеттің құнсыздануының тағы бір себебі қаламақының аздығы, қамқорлықтың жоқтығы екендігін де автор жасырмайды («Егемен Қазақстан»).
Руданың құнсыздану көрсеткішінің төмендеу жолдарын зерттеп-білу үшін рудникке тәжірибелік блок салу керек («Қазақст. мект.»).
2. э к о н. Инфляция.
Алматы облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы аймақтағы құнсыздану үрдісін тежеу жұмыстарын үйлестіруде үлкен істер атқарып отыр («Айқын»).