lat: QUNSYZDYQ
з а т. 1. Құны жоқтық, бағасы төмендік.
Алтынның молдығымен қатар құнсыздығы да сондай: Ұлы Петр Тобыл қаласында салынған шіркеудің төбесін жабуға отыз пұт алтынға ұлықсат еткен (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
2. а у ы с. Мағынасыздық, мәнсіздік; қасиетсіздік.
Бұл неткен құнсыздық, – деп Шалтай ызамен орындықты сарт еткізіп отыра кетіп еді, Мырқал жалт қарады (Ә.Әбішев, Жас түлек.).
Адамгершілік қасиеттен жұрдай, азғын Ахан үшін... Түу, не деген құнсыздық (З.Шүкіров, Жас жесір).
Құнсыздықпен қолыңды соза көрме, азап шегіп ұқсайтын азала ерге! Еш нәрседен алаңсыз ез қылғанша, Көз жұмғанша жаныма маза берме! (Ж.Әбдірашев, Соғыстан соң.).