ҚҰНЫС

lat: QUNYS

з а т. Әлдебір аурудың себебінен омыртқаның иіліп қалуы немесе сынуы салдарынан, жауырыны, белі сыртқа шыға томпайып біткен бүкір.

Құнысты көр ғана түзейді (Мақал-мәтел).

Анам-ай, сонша ауыр күнәң бар ма? Нең кем еді көктегі қырандардан? …Арылар күнім менің болар ма екен? Емі жоқ өңшең құныс сұрауларын (М.Мақатаев, Шығ.).

Сол кезде жасы алпыста, Құныс боп белі бүкшиген, Аппақ қудай қарт кісі, Аяр емес мал-жанын Зылиқаның жолынан, Жеткен үшін сертіне (О.Шипин, Дастан).