ҚҰНЫС

lat: QUNYS

ет. Бүкірею, бүкшию, иілу. Дамыл таппай, тобын жазбай, ән салып, Маса, шіркей, құстар біткен жүр ұшып. Ұзын тұмсық көкқұтан да тамсанып, Жағада отыр құнысып (1,105). Құнысқан құрым үйімде, жаттым-ау талай шалқалап, Белгісіз маған әуе аспан, белгісіз маған шартарап. Майыстырып уығын, желпініп алып құрым үй, Аспанымды аядай, тұратын еді арқалап (1,235).