ҚҰҚЫЛЫ

lat: QUQYLY

с ы н. Құқығы бар, құқыққа ие.

Ендеше, ондай қоғам өз үкіметінен де, саяси элитасынан да толыққанды демократияны, нағыз конституционализм мен шын мәніндегі заң үстемдігін талап етуге құқылы (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).

Бұдан былайғы жерде рес- публикамызда ешкім ресми түрде өзін “мен қазақпын”, “мен орыспын”, “мен әзірбайжанмын”, “мен татармын” деп айтуға құқылы емес болып отыр (“Жалын”).