ҚҰҚЫЛЫҚ

lat: QUQYLYQ

с ы н. с ө й л. Құқықтық.

Алаш партиясының саяси және құқылық идеялары патша өкіметі құлатылғаннан кейін кенеттен пайда болған жоқ, олар, жоғарыда айтылғандай, ондаған жылдар бойы қалыптасып келді (М.Құл-Мұхаммед, Алаш ардагері).

Сондықтан ол тіпті ең өткір мәселелерді де өркениетті жолмен, жүйенің кеселдерін ашық сынау, әшкерелеу, құқылық негізде іс-қимыл жасау жолымен шешу мейлінше қолайлы деп санады (М.Құл- Мұхаммед, Алаш ардагері).