тұлғаның азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттерді атқару қабілеті. Дамыған елдердің құқығы басшылыққа алатын негізгі қағида жынысына, мүліктік жағдайына, түр-түсіне қарамайтын тең азаматтық Құқық қабілеттілігінің болуы. Құқық қабілеттілігі адам туған сәттен басталады және азаматтың құқық қабілеттілігі, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі болып бөлінеді. ҚР Азаматтық кодексінде азаматтардың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны айқындалған.