lat: QUQYQTANÝ
з а т. з а ң. Заңдар, құқық жүйесі туралы білімдердің жиынтығы.
Жалпы құқықтану саласындағы терминдердің орнықсыздығы мен әркелкілігін, сөзжасамдардың семантикалық жартыкештігі мен стильдік тұрлаусыздығын жойып, келешекте қазақ тілінде заң қабылдауға, нормативтік актілер түзуге септігін тигізеріне сенімдіміз (Заңи термин. түс. сөздігі).
Құқықтану тек құқықты, құқық жүйесін ғана емес, сонымен бірге мемлекетті және саяси жүйенің басқа да бөліктерін қамтитын білім салалары ретінде қалыптасты (ҚҰЭ).