ҚҰҚЫҚТЫЛЫҚ

lat: QUQYQTYLYQ

з а т. Құқыққа ие болушылық.

Ұлттар Ұйымының өз мүшелерінің тең құқықтылығы хақындағы кепілдігі де бос сөз болып шықты (М.Шоқай, Таңд. шығ.).

Заратустра сонысы арқылы космократиялық үстемдік құруға құқықтылығын да заңдастырып беріп еді (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).