ҚҰҚЫҚТЫҚ

lat: QUQYQTYQ

с ы н. Құқыққа қатысты, құқықпен байланысты.

Адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірілген деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды (ҚР Конституциясы).

Біз құқықтық қоғамға неғұрлым жақындай түскен сайын, қазақстандықтар өздерінің еліміздің толыққанды және белсенді азаматтары екендіктеріне көбірек сене түсетін болады (Н.Ә.Назарбаев, Ғасырлар тоғ.).

Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер жедел құқықтық ресімдеу мәселесін алға қойды («Егемен Қазақстан»).

Біздің де бастапқы екі жылымыз тәуелсіздігімізді жүзеге асырудың құқықтық негізін жасауға кетті (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).