ҚҰРУ

lat: QURÝ

Құры етістігінің қимыл атауы; біту, жоғалу.

Әкемнен қалған азғана мал төрт-бес жылда құруға айналды (С.Омаров, Дала қызы).

Голощекин ойнатып әңгіртаяқ,

Ескермеді өлмеші жанды аяп.

Бүкіл дала аталып қабірстан,

Бүкіл халық құруға қалды таяп (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Тууы да ән Моцарттың, құруы да ән,

Татып көрсең ол ішкен бір уынан.

Сальери дарынсыздар тайпасының

Ең итжанды, ең надан руынан (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).